Экстремизм

Латынның extremus («шамадан тыс») сөзінен шыққан. 


Экстремизм — белгілі бір саяси көзқарас, іс-әрекетке шамадан тыс берілу. 




Адам да, ұйым да (көбіне саяси және діни) экстремист бола алады. 


Экстремизмге мысалдар: 


— Теракт ұйымдастыру, яғни терроризм — экстремизмнің бір түрі;


— Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, қоғамға іріткі салу; 


— Көтеріліс бастау.


Қоғамда экстремизм өршісе, оған көбіне әлеумет пен экономикадағы дағдарыс, кедейлік, оппозицияны, өзгеше ойлайтындарды басып-жаншып отыратын тоталитар мемлекеттік билік себеп.


Сонда адамдар не ұйымдар қоғамдағы жағдайға әсер ету құралы ретінде экстремизмді таңдайды. 


Еуропа кеңесінің Парламент ассамблеясының қаулысында экстремизм деген — парламент демократияға жат, ксенофобия, антисеметизм, ультраұлтшылдыққа сүйенетін саяси идеология. 


Барлық дерлік елде экстремизге тыйым салынған. Бізде де солай. Қазақстанда экстремизмге түрлі қылмыс жататындықтан, оның жазасы әртүрлі. Мысалы, билікті басып алу үшін көтеріліс ұйымдастырғандар 20 жылға дейінгі мерзімге қамалады.


05/10/2021 15:45 3608 0

05/10/2021
15:45 3608 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление